$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет- Президент

Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет.

Қазақстан Президенті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңесте айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол паркінің жұмысын жандандыру және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шара қабылдауды тапсырды.

– Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет. Оның алғышарттары бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді түрде қолдау керек, – деді Мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет екенін жеткізді.

– Қазақстан теміржолын ұлттық көлік-логистика компаниясы ретінде трансформациялайтын уақыт келді деп ойлаймын. Бұл ҚТЖ-ның мандаты мен міндеттерін кеңейтуге, компанияға еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары