$ 494.87  520.65  4.91

Арыстың жігіті қошқарды 1111 рет көтеріп, рекорд орнатты

Бір қызығы, ерлерден соң қошқар көтеру кезегін алған арыстық Әділ Ақнұр есімді ару тіпті, бірқатар жігітті шаң қаптырып, семіздікті көтеретін жалғыз жануарды 64 рет көтерді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы Арыс қаласында қала күні мерекесі қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Сайыста Азамат Мақұлбеков есімді азамат 43 келі болатын қошқарды 1111 рет көтеріп, рекорд орнатты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Әкімдіктің хабарлауынша, ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптеліп, салауатты өмір салты насихатталған шарада қатысушылар ұлттық спорт түрлері – арқан тарту, қол күрес, қошқар көтеру және гір тасын көтеруден бақ сынасқан.

"Спорттық сайыстардың ішінде көпшіліктің назарын аударғаны "Қошқар көтеру" сайысы болды. Қатысушылар арасында өз мықтылығын дәлелдеп, салмағы 43 келі болатын қошқарды 1 111 рет көтерген Азамат Мақұлбеков бас жүлдені иеленіп, Арыс қаласының жаңа рекордын орнатты. Қошқарды 160 рет көтерген Мәжит Архат екінші орын иеленсе, 150 рет көтерген Данияр Айтбек үшінші орын алды", – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Жарыс жеңімпазы Азамат Мақұлбековке өзі көтерген қошқар берілсе, қалған жүлдегерлер мен қатысушыларға ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтары табыс етілді.

"Бір қызығы, ерлерден соң қошқар көтеру кезегін алған арыстық Әділ Ақнұр есімді ару тіпті, бірқатар жігітті шаң қаптырып, семіздікті көтеретін жалғыз жануарды 64 рет көтерді", – деп жазады әкімдік сайты.

Келушілерді таңқалдырған жігерлі аруға да арнайы сыйлық табыс етілген. Сол сияқты барлық спорт түрінен жүлделі орын алған қатысушылар арнайы алғыс хатпен марапатталып, олардың бәріне тұрмыстық техникалар сыйға тартылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары