$ 444.22  476.38  4.82

Мемлекет қайраткері Балташ Тұрсымбаев өмірден озды

Балташ Тұрсымбаев - 1946 жылы Ресейдің Омбы облысына қарасты Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы журналист Жұмабике Жүнісова Facebook-те жазды.

"Қазір ғана Серікбай Әлібаев қаралы хабар жариялады. Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев қайтыс болыпты", - деп жазды Жүнісова.

Балташ Тұрсымбаев - 1946 жылы Ресейдің Омбы облысына қарасты Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, елшілікте де еңбек еткен. Бірінші сыныпты төтенше және өкілетті елші болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары