$ 480.55  533.75  5.36

Бүгін әйгілі теннисші Серена Уильямс күйеуге шығады

Теннистен "Үлкен дулыға" сериясындағы турнирлердің 22 дүркін чемпионы америкалық Серена Уильямс өзінің жерлесі, танымал кәсіпкер Алексис Оганянға күйеуге шығады. Ол Reddit деп аталатын әлеуметтік ақпараттық сайттың негізін қалаушы деп жазады "Чемпионат" порталы.

Оганян өз сүйіктісіне сөз айтып, отбасын құруға ұсыныс жасаған. Теннисші көп ойланбастан келісімін беріпті.

"Мен үйге кеш оралдым. Біреу маған арнап сөмке әзірлеп қойыпты. Сыртта көлік күтіп тұр екен. Ол мені Римге алып кетті: біздің ең алғаш кездескен жеріміз. Мейрамханада ол тізерлеп тұрып маған сөз айтты, мен "Иә" деп жауап бердім", - дейді Серена өзінің некесі жайында.

Айта кетейік, 35 жастағы Уильямс пен 33 жастағы Оганян 2015 жылдың күзінде көңіл жарастырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары