$ 474.72  515.17  5.58

Шардарада мерейтойға арналған спорттық жарыстар өтті

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған баскетболдан облыс аудандары арасында 2001-2002 және 2003-2004 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ОҚО Шардара ауданының спартакиадасы болып өтті. Спартакиаданы  аудан әкімінің орынбасары Б. Әліпов ашып беріп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Ойын көрігін көршілес аудандардан келген баскетболшы қыздар қыздырды. Әр ауданның намысын қорғап келген спортшы қыздарымыз керемет ойын  үлгісін көрсетті. Тартысты өткен ойында жүлделі  ІІІ  орынды Арыс қаласының командасы иеленсе, ІІ орынға Шардара ауданының командасы табан тіреді. Ал, ақтық сында алаң иелерін жеңген Сарыағаш  ауданының  №2БЖСМ  командасы бас жүлдені қанжығасына байлады.

Осы ойында «Үздік  қорғаушы» атағын жерлесіміз Кеңес Махаббат алса, Сарыағаш командасының спортшысы Өмірбек Асылжан  «Үздік шабуылшы» атағына ие болды. Арыс қаласының спортшысы Киппа Ольга  «Үздік доп таратушы» болып көзге түсті.

Сондай-ақ, Шардарада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып көптеген спорттық шаралар өтіп келеді. Соның бірі – үстел теннисінен өткен дүбірлі жарыс. Ұлдар-қыздар арасында өткен үстел теннисі аса тартысты өтті. Күшті команданың бірінен саналған Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің командасы жүлделі  ІІІ  орынды еншілесе,  ІІ орынды  С. Кәттабеков атындағы  жалпы орта мектебінің командасы иемденді. Бас жүлдені әріптестерінен оқ бойы озып шығып, қарсыластарын ойсырата жеңіп шыққан  Ұзын ата  жалпы орта мектебінің командасы  жеңіс тұғырына көтерілді.

Егемендігіміздің ұлы мерекесіне арналған тағы бір айтулы жарыс - тоғызқұмалақтан  ұлдар-қыздар арасында өткізілді. Бұл ойында ойында   ІІІ  орынды  С. Кәттабеков  жалпы орта мектебінің командасы  жеңіп алса, жүлделі   ІІ орынды  С. Құрманғазы жалпы орта мектебінің  командасы иемденді. Бас жүлдені Қ. Аманжолов  жалпы орта мектебінің тоғызқұмалақшылары айқын басымдықпен жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары