$ 480.55  533.75  5.36

Қазақстандық ауыратлет Алла Важенина Пекин олимпиадасының чемпионы атанды

Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылғы Пекин олимпиадасында қыздар арасында ауыр атлетикадан 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанған Қытай өкілі Лей Чаоның допинг пайдаланғанын анықтап, оның жүлдесін екінші орын алған атлет қазақстандық Алла Важенинаға тапсырды. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлап отыр.

Осылайша, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бірнеше Олимпиада медалін "тартып" алған ХОК елімізге бір алтын медаль "сыйлады". Алла Важенина Пекин олимпиадасында қос жаттығу нәтижесінде 266 келіні (119+147) бағындырып, күміс жүлдегер атанған болатын. Үшінші орын испандық ардагер атлет Лидия Валентин Переске бұйырған. Енді ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Естеріңізге салайық, WADA мен ХОК допинг пайдаланды деген айыппен 2008 жылы Олимпиада чемпионы атанған әйгілі қазақстандық ауыратлет Илья Ильиннің медалін тартып алған болатын. Сондай-ақ, дәл осы себеппен Лондон Олимпиадасында жеңіп алған 4 алтынымыздан да айрылдық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары