$ 479.38  531.63  5.27

Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды

Кәсіпқой бокстан орта салмақта Қазақстан намысын әлемде қорғап жүрген боксшы Қанат Исламның (22-0, 18 КО) ақпан айындағы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.

Отандасымыз алғашқы орта салмақта өнер көрсететін бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен күш сынаспақ. Латынамерикалық спортшының еншісінде 16 жеңіс, үш жеңіліс бар. 9 жекпежегін ол нокаутпен аяқтапты.

Бұған дейін хабарланғандай, Қанат Ислам кіші Рой Джонс өнер көрсететін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Айтулы жекпе-жектер 17 ақпан күні АҚШ-тың Уилмингтон (Делавэр штаты) қаласында өтеді. Бұл кездесуде Ислам өз титулын қорғамақ. Оның кездесуі 10 раундқа созылады.

Естеріңізге салайық, Қанат Ислам өзінің соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні Алматыда ганалық Патрик Аллотейге қарсы өткізген болатын. 12 раундқа созылған кездесуде жерлесіміз ұпай саны бойынша қарсыласынан басым түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары