$ 443.44  480.51  4.88

Елімізде спорт комментаторларын арнайы даярлайтын болды

Елімізде спорт комментаторларын даярлау қолға алынады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингi барысында ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мәлiмдедi.

— Бiзге мүмкiндiгi шектеулi жандарды даярлайтын бапкерлер, мектепке дейiнгi мекемелердегi спорт нұсқаушылары, халықпен жұмыс істейтін спорт нұсқаушылары жетiспейдi. Бiз осы бағыттағы жұмыстарды қолға алдық. Қазір спорт комментаторларын даярлау жөнiндегi кәсiби стандарттарды әзiрлеп жатырмыз. Мұндай мамандар бүгiнде елімізде тапшы. Осы мәселенi талқылап, Бiлiм министрлiгiне өтiнiш жолдаймыз. Бiздiң өтiнiшіміздің негiзiнде олар мамандарды даярлайды. Олар жыл соңына дейiн үш мамандық бойынша жауапты айтулары керек, — дейдi Т.Есентаев.

Бейiмдейтiн дене тәрбиесi бойынша мамандарды даярлау пилоттық түрде жүзеге асырылып жатыр.

Қарағанды мемлекеттiк университетiнде бүгiнде осы мамандық бойынша 15 студент бiлiм алады.

Агенттiк төрағасының айтуынша, кадр мәселесі алдағы уақытта өз шешiмiн таппақ. Демек, ендi елiмiзде спорт комментаторларын, мүмкiндiгi шектеулi жандардың бапкерлерiн, мектепке дейiнгi мекемелердiң нұсаушыларын даярлайтын мамандықтар ашылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары