$ 439.43  473.31  4.82

Өзбекстан теннисшісі Новак Джоковичті жеңіп, сенсация жасады

Әлемнің екінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы серб Новак Джокович Australian Open біріншілігін ерте аяқтады. Жарыстың небәрі екінші айналымында Джокович өзбекстандық Денис Истоминге жеңіліп қалды, есеп – 6:7, 7:5, 6:2, 6:7, 4:6.

Айта кету керек, Истомин ATP рейтингінде 117-ші орында тұр. Ал, бірнеше жыл осынуа көшті бастаған Джокович болса қазір екінші сатыда. Ол "Үлкен дулыға" турнирлерін 12 рет жеңіп алған. 2010 жылы Сербия құрамасымен бірге Дэвис кубогінің иегері атанды.

Ал, Австралияның ашық бірінлішігінде өнер көрсеткен қазақстандық теннисшілер екінші айналымнан аса алған жоқ. Дегенмен, жерлестеріміз жұптық сайыста өнер көрсетулерін жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары