$ 443.44  480.51  4.88

Танат Нөсербаев «Ордабасы» клубының сапына ауысты

«Ордабасы» футбол клубы «Астаны» футбол клубының экс-капитаны Танат Нөсербаевпен келісімшарт жасасты. Бұл туралы шымкенттік команданың ресми сайтында хабарланған.

Шымкентте туып өскен Танат Нөсербаев кәсіби спорттық жолын жергілікті «ААЭиС» клубынан бастағанын айта кету керек. Жастайынан мамандардың көзіне түскен ол алдымен «Ордабасының» фарм-клубынык сапында, 2006 жылдың аталған клубтың негізгі сапында өнер көрсетті. Қысқа ғана уақыт ішінде команданың негізгі шабуылшысына айнала білді.

Қазақстан жастар құрамасның сапында жасында жарқылдаған футболшыға шетелдік клубтардан да қызығушылық танытқандар болды. Мәселен, 2009 жылы швейцариялық «Янг Бойз» футбол клубы оны өз сапында көргісі келген. Алайда, келіссөздер сәтсіз өтіп, Нөсербаев Қазақстанда қалды.

2011 жылдың басында Нөсербаев астаналық «Локомотив» командасының құрамында өнер көрсетті. Сол маусымда ол 7 голмен көзге түссе, келер жылы 25 ойында 10 гол соғып, бомбардирлер сапынан орын алды. Ал, 2013 жылғы маусымда Танат команда капитаны Қайрат Нұрдәулетовтің орнын басып, клуб көшбасшысы міндетін атқарды.

2014-2016 жылдар аралығында Нөсербаев «Астана» футбол клубымен бірге Қазақстан чемпионатын үш рет қатарынан жеңіп алды. 2016 жылы елордалық клуб Танатпен келісімшартты тағы үш жылға созған болатын. Алайда, жыл соңында шымкенттік футболшы туған жерге қайтуды ұйғарып, бұл келісімшарт күшін жойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары