$ 487.24  529.34  5.02

Илья Ильин жаттығу залына қайта оралды (ВИДЕО)

Бұған дейін үлкен спортпен қош айтыстым деген атақты қазақстандық ауыратлет Илья Ильин жаттығу залына қайта оралды. Жаттығу жасап жүрген сәті түсірілген бейнероликті ол өзінің Instagram-парақшасында жариялаған.

"Бүгін достарыммен керемет жаттығу-семинарын өткіздім. 6 сағаттық жұмыс. Барлығы да бүгіндікке ең үздік нәтижелерін көрсетті. Зілтемірді қайта көтергенім үшін қуаныштымын!", - деп жазды Ильин өз парақшасында.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарын екі рет, әлем чемпионаттарын бес рет жеңіп алған Илья Ильинді Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг пайдаланды деп айыптап, жүлделерінің бәрін тартып алған болатын. Алайда, атақты спортшы бұл шешіммен келіскен жоқ және өзінің ешқашан рұқсат етілмеген препараттар ішпегенін әліге дейін айтып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары