$ 498.34  519.72  4.85

Дэниэл Джейкобс бойында қорқыныш бар екенін мойындады

Головкин – Джейкобс жекпе-жегінің басталуына 5 күн қалғанда қос боксшы дәстүрлі бетпе-бет кездесу рәсімін өткізді. Сондай-ақ, журналистер сауалына жауап беріп, жекпе-жекке дайындықтары жайында да айтып өтті. Дэниэл Джейкобс болса бойында қорқыныш сезімінің бар екенін жасырған жоқ.

"Мен барлық жағдайға дайынмын. Жекпе-жекке жоспардың болғаны жақсы, әрине. Бірақ, сенде қосымша "А", "Б", және "С" жоспарлары болуы керек. Егер ойыңдағы болмаса жағдайдан шыға білуің тиіс. Өйткені, бұл бокс. Менде бойымда қорқыныш сезімінің бар екенін жасырмаймын. Қазір ең қиын жағдайда тұрмын. Головкин - әлемдегі ең мықты панчер және мен онымен жұдырықтасуым керек. Әрине, бойыңды үрей билейді. Бірақ, Головкиннен қорықпаймын. Сенбі күні менің ең үздік жекпе-жегімді тамашалайсыздар", - деді Джейкобс.

Головкин болса Джейкобспен кездесуден кейін Астанаға келіп жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Келесі жекпе-жегімді елімде өткізгім келеді, өйткені, жерлестеріміздің әрбірі мұны өз көздерімен көргісі келеді. Халқымды сыйлаймын, өте қатты жақсы көремін, олар мені үнемі қолдап отырады. Бұл мен үшін өте маңызды", - деп атап өтті қазақстандық боксшы.

Естеріңізге салайық, қос боксшының арасындағы жекпе-жек Астана уақытымен осы аптаның жексенбісінде таңертең орын алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары