$ 498.34  519.72  4.85

Еуропа Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан командалар қарсыластарын анықтады

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының ширек финалында өнер көрсететін командалар үшін жеребе тарту рәсімі өтті.

Оның нәтижесінде 1/4 финалға шыққан сегіз команда өз қарсыластарын анықтады.

"Атлетико" (Испания) - "Лестер" (Англия)
"Боруссия" Дортмунд (Германия) - "Монако" (Франция)
"Бавария" (Германия) - "Реал" (Испания)
"Ювентус" (Италия) - "Барселона" (Испания)

Ширек финалдың алғашқы ойындары 11 және 12 сәуір күндері жоғарыдағы тізім бойынша өтеді. Қарымта ойындар араға бір апта салып қарсылас команданың алаңында жалғаспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары