$ 489.36  533.45  4.99

Бокстан Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

Ол өзбек боксшысы Рухшона Папиевамен кездесіп, жеңіске жетті.

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Аружан Зейноллаева жастар арасындағы әлем чемпионаты атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аружан Зейноллаева Будвада (Черногория) өтіп жатқан әлем біріншілігінің 81 кг салмақ дәрежесіндегі финалында жұдырықтасты. Ол өзбек боксшысы Рухшона Папиевамен кездесіп, жеңіске жетті.

Аружан жартылай финалда польшалық Юлия Ханнаны ұтып, Қазақстан құрамасынан алғаш болып финалға өткен болатын.

Айта кетейік, Аружан Зейноллаева биыл мамырда Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді. Қазір Қазақстан қоржынында Будвадағы әлем чемпионатының 10 қола, 2 алтын жүлдесі бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары