$ 505.53  593.44  6.34

«Мен осындамын»: Жалғас Жұмағұлов қарсыластарына үндеу жасады

Кез келген уақытта дайынмын.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (19-9) Oktagon лигасындағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғағаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Келесі кім? Мен әлі де осындамын. Кез келген уақытта дайынмын. ИншаАлла», - деп жазды Жұмағұлов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 28 желтоқсанда Жалғас Жұмағұлов Чехияның Прага қаласында өткен Oktagon 81 турнирінде жергілікті спортшы Давид Дворжакпен (22-7) жекпе-жек өткізді. Жерлесіміздің қарсыласы екінші раундтан кейін айқасты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасында ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары