$ 505.53  593.44  6.34

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте әдеуір жоғарылады

Рейтингтің көшін 2613 ұпаймен қытайлық шахматшы Хоу Ифань бастап тұр.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның Халықаралық шахмат федерациясының жаңартылған рейтингтегі орны белгілі болды. Қаңтар айындағы FIDE рейтингінде Асаубаева 2497 ұпаймен 11-орынға жайғасты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Рейтингтің көшін 2613 ұпаймен қытайлық шахматшы Хоу Ифань бастап тұр. Сондай-ақ үздік үштікке Қытай өкілдері Чжу Цзиньэр (2579 ұпай) мен Лэй Тинцзе (2569 ұпай) бар. 

Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Бибісара Асаубаева мансабында үшінші рет блиц шахматтан әлем чемпионы атанып, II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар әлемдік рейтингте үздік 100 спортшының қатарына Қазақстаннан тағы төрт шахматшы енді. Атап айтқанда: Меруерт Камалиденова 57-орын (2386 ұпай), Ксения Балабаева 70-орын (2371 ұпай), Алуа Нұрман 78-орын (2363 ұпай) және Әмина Қайырбекова 93-орын (2348 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары