Осылайша, қазақстандық боксшы жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында бокстан Азия чемпионатындағы жекпе-жек нәтижесіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның мәліметінше, Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан құрлық додасында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан жеңіліс тапқан.
«Моңғол жігітінен жеңілді! Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жаңа ғана 55 келідегі Махмұд Сабырхан моңғолиялық Билгүүнсайхан Хархүүмен кездесіп, есе жіберді. Қорытынды есеп: 5:0», – деді Аслан Қаженов.
Осылайша, қазақстандық боксшы жарысты қола жүлдемен аяқтады.