$ 466.33  538.47  5.9

Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай қарсыласын нокдаунға түсірді

Төрешілер шешімі біржақты болды - 5:0 (30-24, 30-24, 30-26, 30-24, 30-26).

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

85 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері жартылай финалда алаң қожайыны Бариахаан Доржбен кездесті. Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Нұрбек өз басымдығын байқатып, бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осыдан кейін де қазақстандық спортшы рингте басымдықты толық өз қолына алып, шабуылда белсенділік танытты. Қарсыласына еш мүмкіндік бермеген Оралбай жекпе-жекті сенімді аяқтады.

Төрешілер шешімі біржақты болды - 5:0 (30-24, 30-24, 30-26, 30-24, 30-26). Осылайша, Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалына шығып, алтын жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0