$ 462.87  540.72  6.16

«Бұл керемет түн болады»: Роналду жанкүйерлерін елең еткізді (ВИДЕО)

Роналдудың турнирді қолдауы кештің маңызын одан әрі арттыра түсті.

Фото: spletnik.ru
Фото: spletnik.ru

Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында Лиссабонда өтетін ауқымды жекпе-жек кешіне байланысты жазба жариялап, жанкүйерлердің қызығушылығын оятты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Португалиялық шабуылшы WOW FC турниріне қолдау білдіріп, мұндай спорт түрінің дамуына бейжай қарамайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Лиссабондағы Кампу-Пекену аренасында өтетін кеш ерекше болмақ.

«Лиссабонға дайынбыз! Осы спорт түрін қолдайтынымды мақтан тұтамын және Кампу-Пекенудағы осындай ұлы спортшыларды көру — үлкен қуаныш. Бұл керемет түн болады», — деп жазды Роналду.

Желі қолданушылары футбол жұлдызының бұл жазбасын қызу талқылап, оның жекпе-жек спортына қызығушылық танытуын жоғары бағалап жатыр. Көпшілік Роналдудың мұндай шараларға қолдау білдіруі спорттың өзге түрлерінің де танымал болуына әсер ететінін айтуда.

Айта кетейік, WOW FC — соңғы жылдары жанкүйер назарын өзіне аударып жүрген жекпе-жек ұйымдарының бірі. Ал Роналдудың турнирді қолдауы кештің маңызын одан әрі арттыра түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0