Қытайлық шахматшы 2024 жылғы жарыста 19 ұпай жинап, ең үздік нәтижені тіркеген болатын.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы атанғанымен, жарыс тарихындағы жаңа рекордты жаңартуға бір қадам жетпей тоқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Турнирдің соңғы турында жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық шахматшы әйелдер арасындағы Norway Chess жарысының жаңа рекордын орнататын еді. Алайда шешуші партияда Бибісара қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньке есе жіберіп, жарысты 16,5 ұпаймен аяқтады.
Осылайша Асаубаева өткен жылғы турнир жеңімпазы Анна Музычуктің көрсеткішін қайталады. Ал Norway Chess Women турнирінің рекорды әлі де Цзюй Вэньцзюньге тиесілі болып қала береді. Қытайлық шахматшы 2024 жылғы жарыста 19 ұпай жинап, ең үздік нәтижені тіркеген болатын.
Norway Chess Women турнирі тарихындағы үздік нәтижелер:
Бір қызығы, Бибісара Асаубаева турнир барысында классикалық шахматта соңғы турда Цзюй Вэньцзюньнен жеңілді. Осы нәтиже қазақстандық спортшының рекорд жаңартуына тосқауыл болды.
Соған қарамастан, Бибісара жарыс аяқталмай тұрып-ақ чемпиондық атақты иеленген. Ол қарсыластарынан айқын басым түсіп, Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл – қазақстандық шахмат тарихындағы айтулы жетістіктердің бірі.