$ 472.03  540.29  6.11

Қазақтың жас балуандары Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды

61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек ақтық сында үндістандық Пушптан басым түсті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында еркін күрестен бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бүгін, 5 шілдеде ұлттық құрама балуандары екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек ақтық сында үндістандық Пушптан басым түсті.

74 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков финалда ирандық Мохаммад Мамивандты жеңді.

Ал 92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали түрікменстандық Довлетгельды Мурадовқа жол берді. Осылайша, отандасымыз күміс медальға ие болды.

Ал 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде Сахил Далалды (Үндістан) айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) күміс медаль алса, Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0