$ 472.03  540.29  6.11

Заңғар Нұрланұлы Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

Теннисшілер кортта 2 сағат 28 минут өткізді.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

18 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Уимблдон-2026 жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Турнирдің сегізінші нөмірлі ойыншысы атанған қазақстандықтың алғашқы қарсыласы словакиялық Леон Слобода болды. Үш сетке созылған матчта Заңғар 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:2) есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 2 сағат 28 минут өткізді. Осылайша, Нұрланұлы шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымына жолдама алып, келесі кезеңде аустралиялық Дэниел Жовановскимен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0