$ 456.88  534.64  5.47

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан Әлем чемпионатында тарих жаңартты

52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Фатима Сұпығалиева жарыстың басты жүлдесін жеңіп алды.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында екінші алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Фатима Сұпығалиева жарыстың басты жүлдесін жеңіп алды. Финалдық белдесуде қазақстандық дзюдошы украиналық Ксения Кирильчуктен басым түсті.

57 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан өнер көрсеткен Інжу Жұмажан да финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде Польшаның өкілі Ягода Цюпикке жол беріп, күміс медальді қанағат тұтты.

Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта Ерік Үсенов, ал 73 келіге дейінгі санатта Еркен Бекали қола жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде Ғабит Расулхан 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Сонымен қатар Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) мен Адия Жанахмет (40 келіге дейін) күміс медаль иеленді.

Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін) және Ахмет Баубек (60 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0