$ 456.88  534.64  5.47

Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit рейтингінде көш бастады

Үш дүркін блицтен әлем чемпионы 59,76 ұпай жинап, рейтингте айқын басымдықпен көш бастап тұр.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit рейтингінің жаңартылған нұсқасында бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Үш дүркін блицтен әлем чемпионы 59,76 ұпай жинап, рейтингте айқын басымдықпен көш бастап тұр. Екінші орында Қытай өкілі Чжу Цзиньэр – 39,83 ұпай. Үздік үштікті үндістандық Вайшали Рамешбабу 29,70 ұпаймен түйіндейді.

Алғашқы ондыққа Тань Чжунъи, Харика Дронавалли, Элис Ли, Анастасия Гнатышин, Александра Горячкина, Ульвия Фаталиева және Афруза Хамдамова да кірді.

FIDE Women’s Circuit – бірнеше ірі халықаралық жарыстың нәтижелері ескерілетін рейтингтік жүйе. Маусым соңында көш бастаған шахматшы Үміткерлер турниріне тікелей жолдама алады.

Осыған байланысты Асаубаеваның қазіргі нәтижесі ерекше маңызды. Қазақстандық спортшы ең жақын қарсыласынан шамамен 20 ұпай алда келеді және Үміткерлер турниріне тікелей өтуге жақсы мүмкіндік алып отыр.

Айта кетейік, 2026 жыл Бибісара Асаубаева үшін сәтті басталды. Бұған дейін ол Үміткерлер турнирінде екінші орын иеленіп, Қазақстан шахматы тарихындағы жоғары нәтижелердің біріне қол жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0