Ойынның бірінші кезеңінде қонақтар өткір шабуылдарымен астаналық клубты әбден әбігерге салды.
Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Северстальды» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Матчқа дейін Череповецк командасы турнирлік кестенің үшінші сатысында болған. «Барыс» болса үздік сегіздіктің сыртында қалып, плей-офф аумағы кіруді мақсат еткен.
Ойынның бірінші кезеңінде қонақтар өткір шабуылдарымен астаналық клубты әбден әбігерге салды. Тіпті, бір гол соққанымен, төреші ойын ережесінің бұзылғанын анықтап, гол есепке алынбады.
Екінші кезеңде де ойын «Барыстың» жарты алаңында өтіп жатқан. Осындай сәттердің бірін Логан Дэй ұтымды пайдаланып, қарымта шабуылда есеп ашып кетті. Ал, 37-минутта биылғы маусымның ең үздік сұрмергені Джастин Бэйли қанжығасын майлады.
Үшінші кезеңде «Северсталь» шабуылды үдеткенімен, «Барыс» қорғаушылары мен қақпашысы сауатты ойнап, қақпаға гол жіберген жоқ.
Осылайша, Кравец шәкрттері үш матчтан тұрған жеңілістер сериясын үзіп, турнирлік кестеде сегізінші орынға көтерілді. Череповецтік команда болса үшінші орнын сақтап қалды.
Келесі матчты «Барыс» сырт айдында СКА-ға қарсы өткізеді. Бұл ойын 27 қарашаға жоспарланған.