Спорт 12.07.2017 сағат 04:45  664

Әлемнің үздік теннисшілері Назарбаев кубогін сарапқа салады

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астананың Ұлттық теннис орталығында Президент Кубогы үшін ATP Challenger және ITF Women's сериялары бойынша үлкен теннистен ХІХ халықаралық турнир өтеді деп жазады Vesti.kz. Жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

17-23 шілде күндері өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 30 елінен 200-ге жуық теннисші қатысады. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің ТОП-жүздігіне кіретін спортшылар да бар. Қазақстан намысын Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко және Камила Керімбаева қорғайтын болады. Т

урнир аясында 8-15 шілде аралығында «Керуен» ойын-сауық орталығында Қазақстан құрама командасының мүшелері шеберлік сабақтарын өткізеді. Дәл осы күндері, яғни 17-23 шілдеде «Astana Masters 12& under President's Cup» балалар теннисі және әуесқой теннисшілер арасында «AstanaOpen» турнирі де өтеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар