$ 442.05  474.14  4.74

"Астана Арландары" "Куба Домадоресті" жеңіп, WSB сериясының үші дүркін чемпионы атанды

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) финалы мәресіне жетті. Бүгін Астанада өткен ақтық айқаста кубалық боксшыларды қабылдаған "Астана Арландары" 6:5 есебімен басым түсіп, осынау жарыстың үш дүркін чемпионы атанып отыр.

Айта кетейік, матчтың негізгі есебі 5:5 болып аяқталғаннан кейін, жеңімпаз 11-ші жұпта анықталды. Шешуші сында жұдырықтасқан жерлесіміз Олжас Байниязов (52 кг) "бостандық аралынан" келген Фрэнк Залдиварды аса қиындықсыз жеңіп, қазақстандық жанкүйерлердің мерейін үстем етті.

Кездесу барысында жалпы есепте кубалықтар 2:5 есебімен алда тұрған болатын. Қазақ боксшылары соңғы төрт жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетті. Осылайша "Астана арландары" WSB сериясын үш рет жеңіп алған алғашқы команда болып отыр.

Олжас Байниязовтан бөлек финалда "арландар" сапынан Асланбек Шымбергенов, Зәкір Сафиуллин, Олжас Боқаев, Теміртас Жүсіпов және Ілияс Сүлейменов жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары