Спорт 16.07.2017 сағат 15:19  602

ТЕННИС: Роджер Федерер Уимблдон турнирін сегізінші рет жеңіп алды

Швейцарлық теннисшісі Роджер Федерер Ұлыбританияның ашық біріншілігі - Уимблдон турнирін кезекті рет жеңіп алды. 35 жастағы спортшы финалда хорват Марин Чиличтен үш сетте басым түсіп (6:3, 6:1, 6:4), "Үлкен дулыға" сериясындағы 19-шы титулына қол жеткізіп отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Федерер Уимблдонды осымен сегізінші рет жеңіп алды. Бұл ерлер теннисіндегі рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін ол 2003-2007 жылдар аралығында, 2009 және 2012 жылдары аталған кубок иегері атанған болатын. Алдыңғы рекордтық көрсеткіш америкалық теннисші Пит Сампрасқа тиесілі еді, ол Уимблдонды 7 рет жеңіп алған.

Биыл Роджер Федерердің "Үлкен дулыға" сериясындағы Ролан Гарос (Аустралия) турнирінде де топ жарғаны есте. Осылайша, оның қоржынында аталған серияның 19 кубогі бар. Ал, швейцардың басты қарсыласы испандық Рафаэль Надаль болса "Үлкен дулығаның" 15 кубогін жеңіп алған.

Естеріңізге салайық, кеше аяқталған Уимблдонның әйелдер арасындағы сайысында испан теннисшісі Гарбинье Мугуруса жеңімпаз атанды. Ол финалда америкалық Винус Ульямстан басым түскен болатын, есеп: 7:5, 6:0.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар