Спорт 17.09.2017 сағат 05:18  1102

Головкин - Альварес жекпе-жегінің толық видеожазбасы

Бүгін бүкіл әлемнің назары Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына ауған еді. Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің ең үздік қос боксшысы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес өзара мықтыны анықтамақ болған. Алайда, бұл жекпе-жек тең аяқталып, GGG өзінің WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін қорғап қала алды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дегенмен, қос боксшы өзара мықтыны бәрібір анықтауға уағдаласты. Матч-реванш келер жылы көктемде немесе күзде өтуі мүмкін.

Ал, бүгінгі жекпе-жектегі төрешілердің шешіміне қос тараптың да көңілі толған жоқ. Екі боксшы да өз жеңістеріне сенімді екендерін айтып отыр. Дегенмен, бокс мамандары мен танымал боксшылар Геннадий Головкинге қиянат жасалғанын мәлімдеп үлгерді. Солардың қатарында британдық Билли Джо Сондерс пен ресейлік Дмитрий Ковалев, кубалық Эрисланди Лара мен даңқты чемпион Ленокс Льюис те бар.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар