Спорт 26.09.2017 сағат 04:25  820

Майк Тайсон: "Мен Головкиннің жанкүйерімін"

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон өзіне қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің стилі ұнайтынын мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оның айтуынша, Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан қазіргі кәсіпқой бокстың ең жарық жұлдызы.

"Мен Головкиннің жанкүйерімін. Қазіргі таңда ол pound-for-pound бойынша әлемдегі ең мықты боксшы. Рингте ол жай ғана жауынгер емес, ол нағыз қанішер. Ол рингке ұпаймен жеңу үшін емес, қарсыласын талқандау үшін шығады. Головкин көрермендердің айызын қандыра алатын боксшы", - деді Майк Тайсон Notifight порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Фернандо Варгас Головкин мен Тайсонның стилін ұқсататынын айтқан болатын. Қос боксшының да тартымды жекпе-жек өткізетінін британдық әлем чемпионы Энтони Джошуа да мәлімдеген. Ал, қазақстандық боксшының өзі болса өзінің ешқашан екінші Тайсон болмайтынын айтып өтті.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар