$ 494.87  520.65  4.91

Қылмыс әлемінде аты шыққан өзбек Ғафур Рахимов AIBA-ның атқарушы президенті болып тағайындалды

Өзбек кәсіпкері, Өзбекстанда қылмыс әлемі жетекшілерінің бірі болып саналатын Гафур Рахимов AIBA – Халықаралық бокс қауымдастығының атқарушы президенті болып тағайындалды деп жазады centralasian.org.

Бұл шешім өткен сенбі күні Франко Фальчинелли қызметінен кететінін мәлімдегеннен кейін белгілі болды. AIBA-ның жаңа президентін сайлау биыл қараша айында Мәскеуде өтеді.

27 қаңтарда Халықаралық бокс қауымдастығының конгресінде АҚШ қаржы министрінің «қара тізіміне» ілінген Гафур Рахимов AIBA-ның атқарушы президенті болып тағайындалды.

67 жастағы Гафур Рахимов танымал өзбек кәсіпкері. Ол сонымен бірге Азиялық бокс федерациясының вице-президенті. Ол 1998 жылдан бері AIBA атқарушы комитетінің мүшесі. 2002 жылдан 2012 жылға дейін бұл ұйымның вице-президенті болып келді.

2012 жылы АҚШ қаржы министрі Гафур Рахимовқа «Орталық Азияда есірткі өнімімен айналысады» деген айыппен қаржылық санкция салған. Ол Өзбекстаннан 2010 жылы кеткен. Содан бері Дубайда тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары