Геннадий Головкиннің салмағы бойынша жұдырықтасатын қазақстандық боксшы, NABF чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов Голливудта өзінің 11-ші жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
25 жастағы нокаутшы Пуэрто-Риколық 32 жастағы Луис Эрнандеспен қолғап түйістірген. "Hollywood Fight Nights" шоуының аясында өткен аталмыш кездесуді Головкиннің промоутері Том Леффлер ұйымдастырған.
Нұрсұлтанов пен Эрнандестің 8 раундқа созылған жекпе-жегі қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Мейірімге берген.
Желі қолданушылары спорттық мансабында үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан Нұрсұлтановты "Голливуд жұлдызына" теңеді.