Мексикалық рестлер Cеcар Гонcалес Баррон (лақап аты – Күміс патша) Лондонда өткен кезекті жекпе-жегінде қайтыс болды, деп хабарлайды Day.Az.
Лондондағы Roundhouse аренасында өткен Lucha Libre шоуында өнер көрсеткен 51 жастағы палуан төбелес кезінде құлап, орнынан тұра алмаған. Рестлердің нақты неден қайтыс болғанын дәрігерлер әлі жариялаған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Cеcар Баррон тек кәсіби рестлер ғана емес, сонымен қатар, кинода да өнер көрсеткен. 2005 жылы ол голливудтық «Суперначо» комедиясына әйгілі Джек Блэкпен бірге түскен.