$ 484.11  528.79  5.03

Жанкүйерін соққыға жыққан Неймар маусым соңына дейін футболдан шеттетілді

Француз футбол федерациясы Неймардың маусым соңына дейін шеттетілетінін айтты, деп хабарлайды footballhd.kz.

Француз футбол федерациясы бразилиялық Неймарды ПСЖ мен «Ренн» арасындағы матчтан кейін жанкүйерге жасаған соққысы үшін үш матчқа шеттетуге шешім қабылдаған.

«ПСЖ» мен «Ренның» кездесуінен кейін Неймар баспалдақпен көтеріліп бара жатқан кезде трибунада өзін суретке түсіріп жатқан жанкүйерлердің бұл ісі ұнамаса керек. Жанкүйерімен сөзге келген Неймардың жүйкесі сыр беріп, жанкүйердің иек тұсына соққы жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары