$ 444.14  477.05  4.85

Шүменов шаршы алаңға қашан шығады?

18 желтоқсан күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) алғашқы ауыр салмақта сынға түсетін WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық Бейбіт Шүменов осы салмақтағы әлемнің экс-чемпионы 34 жастағы поляк Кшиштоф Влодарчикпен кездеседі, деп хабарлайды allboxing.ru.

Осы шоу аясында 30 жастағы ресейлік Денис Шафиков 29 жастағы кубалық Рансес Бартелемимен аршгы алаңға шығады. Естеріңізге салып өтсек, шілде айында Шүменов WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте Би Джей Флоресті жеңген болатын.

Қос мықты да бір-біріне 12 раунд бойы дес бермеді. Төрешілердің шешімімен жеңіс отандасымызға бұйырды.

Ресейлік Чемпионат.com спорт сайты жүргізген талдауға сүйенсек, Шүменов-Флорес жекпе-жегі шілде айындағы басты жекпе-жектердің бестігіне енген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары