Аталған біріншілік 2016 жылғы Əлем чемпионаттарына іріктеу мен 2017 жылғы Универсидаға тестілік сынақ жарысы болып табылады.
Ерлер арасындағы жарыстың финалында Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесті. Екі команда арасындағы ойын өте тартысты өтті. Қос ұжым соңына дейін бар күштерін салды, нәтижесінде Оңтүстік Корея командасы 11-7 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл аталмшым құраманың 2002 жылдан кейінгі ірі жеңісі.
Финалда жолыққан қос құрама 2016 жылы Швейцарияда өтетін Əлем чемпионатына жолдама алды.
«Біздің чемпион атанғанымызға мен өте қуаныштымын», - дейді Оңтүстік Кореяның скип бапкері Ким Су Хьюк. – Финалдық кездесу біздің өткізген ең жақсы ойынымыз деп айта алмаймын. Өйткені жартылай финалда біз жақсырақ ойнаған едік. Дегенмен ойынның біздің пайдамызға шешілгеніне өте ризамын. Финалға шыққан сəтте, əлем чемпионатының жолдамасы қалтамызда екенін түсіндік. Бірақ бізге жеңімпаз атану маңыздырақ болды. Ал басты арманымыз 2018 жылы өз елімізде өтетін Олимпиада ойындарында топ жарғымыз келеді. Ол үшін көп еңбектенуіміз қажет».
Қола жүлде үшін таласта Қытай мен Жаңа Зеландия командалары кім мықтыны анықтады. Бұл ойында қос команда соңына дейін теке-тіресті. Және Қытай құрамасы 5:4 есебімен жеңісті жетті.Ал Қазақстанның ерлер құрамасы жетінші орынды иеленді.
Əйелдер бəсекесінде Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесті. Спортшылар алаңда екі сағатқа жуық 10 энд ойнауларына тура келді. Сəттілік жапон құрамасына бұйырды . Олар 8:7 есебімен қарсыласынан басым болды.
Қола медаль үшін Қазақстан мен Қытай құрамалары өз бақтарын сынады. Алайда, Қазақстан құрамасы тəжірибелі Қытай құрамасына шамасы жетпеді. Қорытынды есеп: 16:0. Қытай қола жүлдегер атанды.
Финалдық кездесулерден кейін, Тынықмұхиттық-Азия чемпионатының жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.
«Алматыны осындай ірі бəсекені ұйымдастырғандарына, жарыстың ұйымдастыру комитетіне, демеушілерге, спортшылар мен бапкерлерге, техникалық қызметкерлерге, еріктілерге алғысымды білдіргім келеді -, деді жабылу салтанатында сөз сөйлеген Бүкілəлемдік керлинг федерациясының вице-президенті Хью Миликин.
Ол сондай-ақ турнирде топ жарған Оңтүстік Корея мен Жапония құрамаларын жеңістерімен құттықтады.