$ 494.87  520.65  4.91

«Астана Арланс» клубының спортшылары мен жаттықтырушылары өзгерді

«Астана Арланс» кәсіби бокс клубы спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы ауысқаны жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды sports.kz.

 

49 келі салмақ дәрежесінде «арландықтардың» намысын – Теміртас Жүсіпов, Мардан Берікбаев, Жомарт Ержан, ал 52 келі салмақта Олжас Сәттібаев, Азат Махметов және Мирас Жақыпов қорғайды.

56 келі салмақта Мейірболат Тойытов, Нұрсұлтан Көшеғұлов, Нұрбол Қалжанов, 60 келіде Зәкір Сафиуллин, Ержан Мүсәпіров, Бақдәулет Ибрагимов, 64 келіде Самат Бәшенов, Асхат Уәлиханов және Сабыржан Бекбергенов өнер көрсетеді.

69 келіде Аслан Шымбергенов, Қанағат Маралов, Бекзат Халметов, 75 келіде Мейірім Нұрсұлтанов, Рүстем Сыбаев, Ерік Әлжанов, 81 келіде Арман Рысбек, Әли Ахмедов, Нұрдәулет Жарманов, 91 келіге дейін Мұхаметжан Еркін, Рахман Әлжанов, 91 келіден жоғары Қамшыбек Қоңқаев, Нұржан Бекзатов және Нұрсұлтан Аманжолов бақ сынайды.

Жаттықтырушылар құрамы мынадай: аға жаттықтырушы – Нұрлан Ақүрпеков, жаттықтырушы – Мырзағали Айтжанов, Александр Стрельников, Нұрғали Сафиуллин, Бейбіт Есжанов, Нүркен Аңдасов, Ермек Ертаев, Болат Жұмаділов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары