$ 447.4  477.55  4.76

Астана - Бенфика кездесуіне бейнешолу

Кеше Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кездесулері аясында елордалық "Астана" футбол клубы өз алаңында Португалия чемпионы "Бенифканы" қабылдап, 2:2 есебімен тең ойнады. Осылайша, "Астана"  өз алаңында өткізген үш матчтың бірде-бірінде жеңілген жоқ.

Ойын бастала салысымен басымдықты алаң иелері өз қолдарына алған. Қос қапталдан кезек-кезек шабуылдаған Станимир Стойлов шәкірттері кездесудің 19 минутында есепті ашты. Аса белсенділігімен көзге түскен Джуниор Кабананганың сол қапталдан көтерген добына Патрик Твумаси бірінші болып жетіп, баспен допты қақпаға дәл бағыттады, есеп 1:0.

Соғылған голдан кейін "астаналықтар" уақыт созып жатып алмай, шабуылын күшейте түсті. Ойынның 31 минутында қапталдан айып добын орындаған Фокси Кетевоама допты айып алаңына қарай бағыттаған, бірінші болып босниялық легионер Марин Аничич жетті. Есеп 2:0.

Мұнан кейін "Астананың" сенсациялық жеңісіне көпшіліктің күмәні болмаған еді. Алайда, португалдық клуб бірінші таймның соңында есін жиып, Ерич күзеткен қақпаның кілтін тапты. 40 минутта қапталдан көтерілген допты Рауль Хименес қақпаға дәл бағыттады. Есеп 2:1.

Ал, екінші тайм "Астана" ойыншыларының өткір шабуылдарымен басталғанымен, жанкүйерлер "Бенфиканың" қақпасына соғылған үшінші голды көре алған жоқ. Есесіне, 70 минута тағы сол Хименес қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланып, есепті теңестіріп кетті.

Айта кетейік, бұл "Астананың" топтық кезеңдегі үшінші тең ойыны. Сырт алаңда өткізген екі матчта Стойлов шәкірттері Мадридтің "Аьтлетикосынан" және осы "Бенфика" клубтарынан жеңіліп қайтқан болатын. Соңғы ойынды жерлестеріміз Түркияда "Галатасараймен" өткізеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары