Теннистен Аустралияның ашық біріншілігінде өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жарыстың екінші айналымынан аса алған жоқ. Жерлесіміз америкалық Мэдисон Кизден жеңіліп қалды.
Киз бұған дейін бірінші айналымда тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Диасты жеңген болатын. Бұл жолы Шведованы да аса қиындықсыз тізе бүктірді. Алғашқы сетті қазақстандық теннисші 7:6 (7:4) есебімен жеңген болатын. Ал, мұнан кейінгі екі сетте америкалық теннисшінің мерейі үстем болды, қорытынды есеп: 7:6, 6:3, 6:3.
Осылайша, Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігін Қазақстанның бір ғана спортшысы жалғастыруда, ол - Юлия Путинцева. Алғашқы екі кездесуін жеңіспен бастаған жерлесіміз үшінші айналымнан өтсе әйгілі Серена Уильямспен кездесуі мүмкін.