$ 445.66  474.58  4.78

Australian Open: Юлия Путинцева үшінші айналымда сүрінді

Мельбурн қаласында өтіп жатқан теннистен Аустралияның ашық біріншілігі қазақстандық Юлия Путинцева үшін аяқталды. Үшінші айналымда жерлесіміз Ресей теннисшісі Маргарита Гаспаряннан жеңіліп қалды.

Алғашқы сет ресейлік спортшының айқын басымдылығымен басталған. Тек есеп 4:0-ге жеткен кезде ғана Путинцева есін жиып, қарымта қайтара бастады, бірақ қарсыласын қуып жету оған мүмкін болған жоқ, есеп 6:3. Ал, екінші сетте Путинцева жинақы көрінгенімен шеберлік жағынан ресейлік теннисші бір бас жоғары көрінді. Бұл сеттің есебі 6:4, Гаспарянның пайдасында.

Айта кетейік, бұған дейінгі екі айналымда Юлия Путинцева әлемнің экс-бірінші ракеткасы Каролина Возняцкиді және қытайлық Синьюнь Ханьды жеңіп, кішігірім сенсация жасаған болатын. Ал, Қазақстанның бірінші ракеткасы саналған Зарина Дияс бірінші айналымнан аса алған жоқ. Сол секілді, Михаил Кукушкин де жарысты ерте аяқтады. Ал, Ярослава Шведова турнирдің бірінші күні болгар қызы Цветана Пиронкованы ұтқанымен, екінші айналымда америкалық Мэдисон Киздан айласын асыра алған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары