$ 498.34  519.72  4.85

UFC спортшысы салмақ өлшеу рәсімі кезінде сүйіктісіне сөз айтты (ВИДЕО)

Ережесіз жекпе-жек чемпионатының (UFC) өкілі Алекс Николсон ресми салмақ өлшеу рәсімі кезінде өзінің сүйіктісіне сөз айтып, күйеуге шығуға ұсыныс жасады. Бұл жайында Daily Mail басылымы хабарлап отыр.

25 жастағы спортшының сүйіктісі Ханна Голди де кәсіби спортпен көптен бері айналысып келеді, ол ережесіз жекпе-жектен біраз жетістіктерге жеткен. Голди сүйіктісінің осынау ұсынысына бірден "иә" деп жауап берді. Енді ғашықтар некелерін қидырмақшы.

Айта кетейік, Николсон UFC-ке жаңа келген спортшы. Ол өзінің келесі жекпе-жегін 7 ақпанда Лас-Вегас қаласында латыш спортшысы Мишей Циркуновпен кездеспек. Букмекерлер аталған жекпе-жекте Циркуновтың сөзсіз жеңіске жететініне сенімді.

Николсон UFC аясында 7 жекпе-жек өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен, бірінде жеңілген. Ал, Циркунов болса 10 кездесудің тоғызында қарсыластарынан басым түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары