Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин мен оның келесі қарсыласы атанған америкалық Доминик Уэйд бетпе-бет кездесу рәсімін өткізді.
Аталған кездесу Нью-Йоркте өткен баспасөз мәжілісінің аясында ұйымдастырылып отыр. Брифингте қос боксшы журналистердің сауалдарына жауап беріп, алдағы кездесуге дайындықтарын пысықтады. Айта кетейік, бұған дейін Лос-Анджелесте өткен брифингке Уэйд келе алмай қалған болатын, оның ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты әуеге көтерілмеген.
Ал, жекпе-жектің өзі 23 сәуірде өтеді. Бұған дейін қазақстандық боксшы кәсіби бокс алаңында 34 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен болатын, 31-і нокаутпен. Ал, Уэйд болса 18 жекпе-жектің 18-де жеңіске жетіп, 12-ін нокаутпен аяқтаған.