$ 446.49  475.38  4.79

«Реал» мен «Вольфсбург» Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты

Немістің «Вольфсбург» футбол клубы мен мадридтік «Реал» Еуропа Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты. 1/8 финалдың қарымта ойындарын өткізген қос команда да жанкүйерлеріне жеңіс сыйлады.

Өз алаңында бельгиялық «Гент» футбол клубын қабылдаған немістер 1:0 есебімен жеңіске жетті. Дәл соққысымен көзге түскен - Андре Шюрле. Сырт алаңда өткізген алғашқы кездесуде «Вольфсбург» қарсыласын 3:2 есебімен жеңген болатын.

«Реал» болса өз алаңында италиялық «Ромадан» 2:0 есебімен басым түсті. Гол авторлары: Криштиану Роналду мен Хамес Родригес. Римде өткен бірінші ойында да мадридтік клуб италиялықтарды 2:0 есебімен жеңген болатын.

Қос команданың қарсыластары 1/8 финалының матчтары толық аяқталған соң өтетін жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады. Аталған шара 18 наурыз күні Ньон қаласында өтеді. Ширек финалдың алғашқы ойындары 5-6 сәуірде, қарымта ойындар 12-13 сәуірде орын алмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары