$ 494.87  520.65  4.91

Головкиннің Олимпиада ойындарына қатысуына тыйым салынды

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы ұйым тұжырымдамасының чемпионы атанған боксшыларға Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салды деп хабарлайды vRINGe.com порталы.

Сонымен қатар, бұл тізімге тек чемпиондық белбеудің иегерлері ғана емес, WBC рейтингінің үздік 15 боксшысы да еніп отыр.

"WBC жоғары деңгейлі кәсіпқой боксшылардың Олимпиада ойындарына қатыспайтынына үміттенеді. Өйткені, бұл қауіпті. Аталған мәселе әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Олимпиада ойындарына қатысу кәсіпқой боксшыларға қауіпсіз деп танылмайынша, біз өз чемпиондарымыздың аталған жарысқа қатысуына тыйым саламыз. Сондай-ақ, ТОП-15 рейтингіндегі боксшылар да биыл Риода өтетін Олимпиада ойындарына қатыспауы тиіс" делінген WBC таратқан хабарламада.

Естеріңізге салайық, жуырда Әуесқой бокстың халықаралық ассоциациясы (AIBA) 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына кәсіпқой боксшылар да қатыса алатынын мәлімдеген болатын. AIBA президенті Чинг-Куо Ву биыл маусым айында қауымдастықтың жарғысына өзгерістер енген соң әуесқой бокс пен кәсіпқой бокс арасындағы кедергілер алынып тасталынады.

Айта кету керек, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин WBC (Interim) белбеуінің иегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары