$ 442.05  474.14  4.74

Камера алдында әйелін сүйген Майк Тайсон ұялғаннан бетін жапты (ВИДЕО)

Әйгілі боксшы Майк Тайсон камера алдында әйелін сүйіп, кейін өзінің бұл қылығынан ұялып, бетін жапты. Танымал спортшы Калифорния штатында өтіп жатқан теннистен Indian Wells Masters турниріне көкрермен ретінде қатысып, Kiss cam («Сүю камерасы») объективіне түсіп қалған болатын. 

Тайсонға дейін бейнекамера объективі өзге де жұптарды нысанасына алған болатын. Барлығы да қысылмастан сүйіктілерін сүйіп шықты. Ал, Тайсон болса алдымен әйелін сүйіп, артынша мұнысына ұялған сыңай танытып, бетін жапты.

Айта кетейік, Kiss cam аталған теннис турнирінде көрермендердің көңілін аулау үшін ойлап табылған жоба. Ойындар арасындағы үзіліс кезінде ұйымдастырушылар осылайша келген қонақтарының көңілін көтереді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары