$ 494.87  520.65  4.91

«Манчестер Юнайтед» бас бапкерсіз қалды

Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол клубы бапкерсіз қалды. Команда басшылары клубтың бас бапкері Луи ван Галды отставкаға жіберді деп хабарлайды The Daily Mail.

Голландиялық маманның қызметінен босағанын өзіне клубтың вице-президенті Эд Вудворд мәлімдеген. Ертең «Манчестер Юнайтед» танымал португалдық бапкер Жозе Моуриньюмен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Екі тарап үш жылдық келісімге отыруы мүмкін.

Айта кетейік, ван Гал манчестерлік клубты 2014 жылдың жазынан бастап жаттықтырды. Биылғы Ағылшын премьер-лигасында оның командасы турнирдің небәрі бесінші сатысына табан тіреп, Еуропа Чемпиондар лигасына берілетін жолдамадан қағылды. Дегенмен Англия кубогі үшін болған жарыста «Манчестер Юнайтед» топ жарып, кубок иегері атанғанын айта кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары