$ 443.44  480.51  4.88

Зарина Дияс «Ролан Гарос» турнирін жеңіспен бастады

Парижде жыл сайын өтетін «Ролан Гарос» турнирін қазақстандық теннисші Зарина Дияс жеңіспен бастады. Бірінші айналымда неміс қызы Карина Виттхефтпен кортқа шыққан жерлесіміз 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Қос теннисшінің жастары да, WTA рейтингіндегі позициялары да шамалас. 22 жастағы Дияс аталған тізімнің 90-сатысында болса, 21 жастағы Виттхефт 100-ші орында. Екеуі бұған дейін ресми жарыстарда мүлдем кездеспеген.

Турнирдің екінші айналымына бұған дейін Қазақстанның екі теннисшісі өте алмай қалғанын айта кетейік. Алдымен ерлер арасында Михаил Кукушкин сүрінсе, артынша Ярослава Шведова да қарсыласын жеңе алған жоқ.

Ал, келесі айналымда Зарина Дияс әлемнің алтыншы ракеткасы румын Симона Халеппен кім мықтыны анықтайды. Румын қызы бірінші айналымда жапон Нао Хибиноны 6:2, 6:0 есебімен оңай жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары