$ 474.72  515.17  5.58

Назым Қызайбай мен Дина Жоламан әлем чемпионатының финалына шықты

Астанада бокстан қыздар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалдық кездесулері соңына таяп қалды. 48 келіде өнер көрсеткен Назым Қызайбай мен 54 келідегі Дина Жоламан бүгін сәтті өнер көрсетіп, жарыстың ақтық сынына жолдама алды.

Рингке бірінші болып шыққан әлем чемпионы Назым Қызайбай КХДР өкілі Янг Гум Умен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті, есеп 3:0. Финалда ол қытайлық Ван Юаньмен кездеседі.

Айта кету керек, 22 жастағы Назым Қызайбай 2014 жылғы әлем біріншілігін жеңіп алған болатын. Ал, 2012 жылы ол қола жүлдегер атанған еді.

23 жастағы Дина Жоламан болса жартылай финалдық кездесуін Қытай өкілі Лю Пиаопиаомен өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жерлесіміз алғашқы раундты жеңілгенімен, қалған екі раундта қарсыласынан басым түсті. Енді ол финалда болгар қызы Стойка Петровамен әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Естеріңізге салайық, жартылай финалға бұл екеуінен басқа Қазақстан сапынан Жайна Шекербекова, Айжан Қожабекова, Валентина Хальзова және Ләзат Күнгейбаева шыққан болатын. Олар шаршы алаңға енді көтеріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары