$ 494.87  520.65  4.91

Зарина Дияс рейтингте Ярослава Шведованы басып озды

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңадан шыққан рейтингі бойынша, Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атты спорттық мансабқа ие болды, деп хабарлайды Vesti.kz

20 жастағы теннисші Зарина Дияс WTA рейтингінде Ярослава Шведованы басып озып, өзінің спорттық карьерасында алғаш рет Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.

Вашингтонда өткен турнирдің нәтижесінде З.Дияс аталған рейтингтегі 53-ші орнын сақтап қалды. Оның қоржынында 1019 ұпай бар. Ал 1017 ұпайы бар Я.Шведова 2 саты төмен түсіп, 54-ші орынға тұрақтады.

Бұл рейтингте Галина Воскобоева 119-шы, Юлия Путинцева 164-ші, Сесиль Каратанчева 173-ші орында тұр. Айта кетерлігі, рейтингтің үздік ондығында америкалық Серена Уильямс көш бастап келеді. Ал екінші орында қытайлық Ли На болса, үздік үштікке румыниялық Симона Халеп та енген.

Еске сала кетейік, Зарина Дияс биылғы «Үлкен дулыға-ның» Australian Open, «Уимблдон» турнирлерінде жақсы ойын өрнегін көрсеткен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары