$ 494.87  520.65  4.91

«Шахтердің» бұрынғы ойыншысы отандастарына Қазақстанға бармауға кеңес берді

Қарағандылық «Шахтердің» экс-қорғаушысы, португалдық легионер Яго Фернандес футболдан Қазақстан чемпионатын сынға алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

— Қазақстанда көңіл толатын бір ғана жағдай — ақша жағы. Ал, спорттық тұрғыда онда бәрі нашар. Лига соншалық төмен деңгейде емес, бірақ, ешқандай инфрақұрылым жоқ. Ал, өмір сүру деңгейі тіпті нашар. Мен ол жерде болған сәттерімді еш әсерсіз еске аламын және ақша табуға ғана болмаса, басқа жағдайда өзге португалдықтардың ешқайсысына онда баруға кеңес бермес едім, — дейді ол.

26 жасар Яго Фернандес жыл басында «Шахтердің» сапына келген болатын. Қазақстан чемпионатында ол барлығы 9 ойын өткізіп (464 минут, 1 гол, 2 сары қағаз, 1 рет алаңнан қуылды). Ал, жазғы ауысым кезінде қарағандылық клуб одан бас тартты.

2 тамызда Фернандес «Ориентал де Лисбоа» клубымен келісімге отырды. Аталған команда Португалияның екінші дивизионында өнер көрсетпек.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан чемпионатын сынап отырған жалғыз Яго Фернандес емес. Бұған дейін ресейлік легионерлер Егор Титов пен Сергей Давыдовтар да теріс пікір білдірген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары